Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің найб имамы Думан Сәндібекұлы жергілікті ауылшаруашылық коледжінде студенттермен кездесті.
Онда «Діни жат ағымдар мен дәстүрлі ислам дініміздің айырмашылықтары» деген тақырыпта уағыз-насихат айтты. Жастар өзекті мәселені арқау еткен басқосудан көп жайды көңілдеріне түйді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің үжымы «Шаууаль» айының соңғы күндерінің құрметіне жамағатқа ауызашар дастарқанын жайды.
Онда имандылық ордасының найб имамы Бақберсін Ізбасаров намазхандарға уағыз айтты. Жамағат оның ұлағатқа толы сөздерін ұйып тыңдап, ризашылықтарын танытты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Кеше Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Ұзынкөл ауданы Троебрат елді - мекеніндегі зиратқа арнайы келді. Онда есімі көпке белгілі дін қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыстың рухани көсемі Марал ишанның әкесі Құрман Кенжебайұлына зиярат етіліп, құран бағышталды.
Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыздың мемориалдық ескерткіш тақтасының алдында дұға жасады.
Бас имам жиналғандар алдында тебірене сөз сөйледі. Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дархан дала» жобасы қолға алынып, елімізде тағылымды игілікті істер тындырылып жатқандығын тілге тиек етті. Мұндағы мақсат киелері орындарға, әулие-әмбиелерге зиярат ету екендігіне тоқталды.
Оның айтуына қарағанда, өздері зиярат еткен қайталанбас тұлға Құрман Кенжебайұлы кезінде діндар, батыр әрі адам емдейтін тәуіп, Абылай ханның замандасы болған.
Оның ғұмыры кейінгі өскелең жастарға өнеге. Мұндай қасиетті бабаларға құрмет көрсетіп, есімдерін ұлықтау біздің перзенттік парызымыз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің ұжымы жұма күнінің құрметіне «Мейірімді жұма қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Бұл шараның өтуіне «Мейірімді жандар» тобы жамағаттары қолдау көрсетті. Онда көмекке мұқтаж 10 отбасына азық-түлік табыс етілді.
Осынау сауаты мол іске белсене атсалысқан барша азаматтарға Алланың нұры жауа берсін.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Сабыржан Зейнелгабиденұлы Арқалық қаласына сапарында жергілікті «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде болды.
Ол имандылық ордасындағы бесін намазына қатысып, «Мұсылманның сипаты» тақырыбында жамағатына уағыз – насихат айтты. Мұсылмандар қауымы оның ұлағатты ой-толғаныстарын ұйып тыңдап, көп жайды көңілдеріне түйді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Қостанай облысының Бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы Арқалық қаласында болды.
Ол іс-сапар барысында жергілікті телеарнасының журналистеріне сұхбат берді. Онда «Имандылық айнасы» бағдарламасының құрметті қонағы «Зекет беру - бес парыздың бірі» деген тақырыпта әңгіме қозғады.
Өзекті тақырыпты арқау еткен сұхбатта Бас имамға қаншама сауал қойылып, жұртшылық нақты жауап алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы және Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы бірқатар кездесулер өткізді.
Олар жергілікті политехникалық колледжі және медициналық колледж студенттерімен жүздесу барысында «Ізгі қоғам-білімді ұрпақ ел ертеңі» тақырыбын әңгімеге өзек етті.
Бұл жастармен ұйымдастырылған жиын өте әсерлі өтті. Имамдардың жауаптарына дән риза болған білім ордасының студенттері шынайы алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет Арқалық қаласына сапары кезінде жергілікті «Мухтасиб Әлмухаммед» мешітіне ат басын бұрып, имандылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.
Онымен бірге Қостанай қалалық «Марал ишан» және Рудный қалалық «Нұр» мешіттерінің Бас имамдары Бектұрсын Торғайбайұлы мен Сабыржан Есмурзин болды.
Бахытбек Нұрғабылұлы мен Сабыржан Зейнелғабиденұлы Арқалық қалалық УК 161/12 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен жүздесті.
Жазасын өтеушілер арнайы келіп, мағыналы әңгіме өткізгендері үшін имамдарға ризашылығын жеткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Федоров ауданының Успенов елді мекенінде жиын болып өтті. Онда халқымыздың дәстүрінде бар тасаттыққа байланысты намаз оқылды.
«Жиентай қажы» мешітінің Бас имамы Ерлан Тілегенов арнайы жайылған дастарқан басында жергілікті жұртшылыққа тасаттық жайлы уағыз айтты. Оның мәні мен мақсатын жан-жақты түсіндірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітінің найб имамы Думан Сәндібекұлы Қостанай аудандық мемлекеттік мұрағаттың қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде адам өмірі, құндылықтар туралы сұрақ жауаппен алысып, онан соң негізгі тақырып аясында сөз қозғалды.
Дін қызметкері жалпы дінімізде «Қарыз берудің сауабы және уақытында қайтарудың жауапкершілігі» тақырыбында насихат айтылып, көкейіндегі сауалдарға жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі