Облысымызға арнайы сапармен келген республикалық ақпараттық–насихат тобының мүшесі Нұралы Бақытұлы № 39 еңбекпен түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілермен жүздесіп, өзекті мәселелерді әңгімеге арқау етті.
Онан соң облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде діни қызметкерлерге «Жат ағымның жақтастарымен жеке кездесулер өткізу әдістемесі» жөнінде семинар өткізді.
Соынмен қатар ҚР ІІМ «Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы» студенттерімен кездесіп, «Ар – намыс» тақырыбында насихат айтты.
Сондай-ақ, кешке қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Рамазан айынан кейінгі «Шәууал» айы Оразасы құрметіне жайылған ауызашар дастарханында «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында уағыз айтты. Тыңдаушылар көп жайды көңілдеріне түйіп, үлкен әсер алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Республикалық ақпараттық–насихат тобының мүшесі, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Нұралы Бақытұлы өңірімізде уағыз-насихат айтуға шақырылды.
Алғашқы уағыз Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінде жамағатпен өткізді. Мұнда ақшам намазынан соң «Білім алу - әр мұсылманға міндет» тақырыбын қозғап, білімнің өмірімізде алатын орны жайлы мазмұны терең насихат айтты. Жиналған қауым оның тағылымы мол ой-толғанысын ұйып тыңдап, таным көкжиектерін кеңейтті.
Келесі насихат 4 мамырда «Жайлаубай ата» мешітінде ақшам намазынан соң болады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің ұжымы да еліміздегі «Қамқор-шарапат» салттық қызмет көрсету бағыты бойынша жүзеге асырылған «Өткенге құрмет-тіріге міндет» бастамасын қолдады.
Соның нақты айғағы ретінде жуырда бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселен, олар жамағаттармен бірге зираттарды толық тазалап, ретке келтірді. «Зират және зиярат мәдениеті» жайлы ілінген банерлерден жергілікті тұрғындар біраз жайларға қанықты.
Тазалық жұмыстары аяқталғаннан соң Меңдіқара ауданының Бас имамы Еркебұлан Қошан «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген аталы сөзді ұстанған барша азаматтарға ризашылығын білдірді. Дүниеден өткен кісілердің аруақтарына Құран бағыштап, бата берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Аудандық «Балықты» мешітінің ұжымы мен жамағаты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Өткенге құрмет-тіріге міндет» деп аталатын зираттарды тазалау және ретке келтіру жөніндегі бастамасын қолдады.
Жүзеге асырылған істерге қысқаша тоқталатын болсақ, алдымен «Зират және зиярат мәдениеті» жайлы барнерлер зираттарға ілініп, онда қоқыстан толық тазалау жұмыстары атқарылды.
Осы орайда барша жұртшылық белсенділік пен түсіністік танытты. Ал, «Олжа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қажетті техника және дәнекерлеу құралдарымен қамтамасыз етті.
Ауданның Бас имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлы көмек қолын созған қауымға дән ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Облыстық «Аймағанбет Спанұлы» мешітінің жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері өткен сәуір айында ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Өткен айда қасиетті Рамазан оразасы болғандықтан 471 іс-шара өткізілді. Осы ретте көмекке мұқтаж 57 475 отбасы қамтылғанын айта кетсе болады.
Қамқорлыққа зәру жанұяларға қолдау көрсетілумен қатар, ауызашар да ұйымдастырылды. Жалпы осы аталған шараларға 127 063 079 теңге жұмсалды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жангелдин аудандық «Оспан қожа» мешітінің имамы Аян Хасенов көршілес Амангелді ауданында іс- сапармен болды. Ол жергілікті Ыбырай Алтынсарин мектебіне атбасын тіреді.
Бұл білім ордасындағы жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, «Ислам- ізгі жол» тақырыбы бойынша уағыз-насихат айтты.
Басқосу өте әсерлі өтті. Бас имам өзіне қойылған сауалдарға нақты жауап берді. Мектеп ұжымы оған алғысын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Соңғы жылдары өңірдегі имамдар арасында бір-біріне атбасын бұрып, тәжірибе алмасу дәстүрге айналды. Оның түсінген адамға берері мол. Мұны өмір көрсетіп отыр. Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы Жангелдин аудандық «Оспанқожа әулие» мешітінде болды.
Ол осы сапар барысында жамағатпен кездесіп, «Мұсылманның сипаты» тақырыбында уағыз - насихат айтты. Жиналғандардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Содан кейін бесін намазын оқыды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қасиетті Шәууал айында, күндердің сұлтаны – жұма күні өңірімізде тағы да бір киелі орын бой көтерді. Ұлтымыздың ұлы тұлғасы атақты Бармақ батырдың ұрпақтары – елімізге белгілі Тұрсыновтар әулеті ұйытқы болып, Қуанышбек Жанәбілұлының бастамасымен Қарасу ауданының Комсомол ауылындағы мұсылман ағайынға арналып зәулім де көрікті, сәні мен салтанаты жарасқан Алланың үйі есігін айқара ашты.
Бұл ғибадат ордасына аймағымыздың сыйлы азаматы, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Жанәбіл Тұрсыновтың жан-жары, дүниеге он перзент әкелген алтын құрсақты ана Зәйтуна Әбділуақапқызының есімі берілді.
Салтанатты шараның ашылуына арнайы шақырылған Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің Бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы қасиетті Құран аяттарын оқып, батасын берді.
Содан кейін Қостанай облыстық мешітінің найб-имамы Бақытжан қажы Икрамұлы жергілікті халықты құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Комсомол ауылының тумасы, ұзақ жыл ұстаздық еткен, діни дәріс алған Хали аға молда болып тағайындалды.
Жиында осы мешіттің салынуына ұйытқы болған Тұрсыновтар әулетінің атынан Азамат Жанәбілұлы үлкен қуанышқа ортақтасып, жанашырлық танытқан барша меймандарға, ел ақсақалдарына, ауыл тұрғындарына шынайы алғысын айтты.
Ұлтымыздың қалыптасқан салт-дәстүрі бойынша шашу шашылып, жамағат алғашқы жұма намазын оқып, асханада арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Өткенге құрмет- тіріге міндет» атты бастамасын қолдай отырып, қаламыздағы Зиратта тазалау жұмыстарын жүргізді.
Оған шаһар тұрғындары мен мешіт жамағаты белсене атсалысты. Сенбілік аяқталғаннан кейін Бас имам Нұрхан Асанұлы арнайы дұға оқып , келген жұртшылыққа зират және зиярат әдебі туралы түсіндірді.
Жоғарыда аталған іс-шараға көмек қолын созып, көлікпен қамтамасыз еткен «Жігер» стадионының басшысы Рүстем Асанханұлы мен ұйымшылдық танытқан жамағатқа алғысын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Ежелден келе жатқан дәстүрге сай үлкенді сыйлап, кішіге ізет, өткенге құрмет көрсетіп келген халықпыз.
Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2023 жылғы айтулы шаралар жоспарына сай, «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты тақырыбында аясында «QАМQOR-SARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен 29 сәуір күні еліміздің барлық аумағындағы зират басына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Міне, осыған байланысты Денис ауданы жамағаттары да, бұл үрдістен шет қалмады. Дәстүрлі түрде өткізілетін тазалық шарасы аясында мына мәселелерге назар аударылды. Атап айтқанда, зират орындарының сыртқы және ішкі тазалақтары, қора-қобыстарын ретке келтіріп, қоғыстан тазалау, келуші жамағатқа зиярат ету ережелері мен тәртіптерін түсіндіру, т.б. мәселелер айтылды.
Осыған орай, барша халық бір кісідей жұмылып және аудандық «Жұма» мешітінің имамы А.Серікбайұлының бастамасымен зират басын тазалап,сенбілік өткізілді. Бұған мешіт жамағаты, ауыл адамдары және аудан ақсақалдары белсене атсалысты. Қабір басын тазалаған соң аудан имамы зират басында жатқан марқұмдарға Құран оқып, дұға жасады.
Қостанай облыстық баспасөз қызметі